
Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
27.11.2025
Жатақхана студенттерімен психологиялық тренинг өтті 2025 жылдың 25-27 қарашасы аралығында Психологиялық қолдау қызметінің психологтары №3, №8 және №5 жатақханаларының студенттеріне арналған «Буллингсіз орта: қауіпсіз қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Психологиялық тренингтің мақсаты - студенттерге буллингтің алдын алуға бағытталған қауіпсіз және құрметке негізделген қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, өзара қабылдау мәдениетін дамыту, сондай-ақ сенім мен жақсы қарым-қатынасты нығайту арқылы топ ішіндегі бірлікті арттыру.
Тренинг «Екі шеңбер» жаттығуы арқылы танысудан басталды. Бұл жаттығу студенттерге бастапқы байланыс орнатуға және топ ішінде сенімді атмосфера құруға көмектесті. Негізгі бөлімде «Командалық дәлдік» және «Сөзсіз эмоция» жаттығулары өткізілді. Олар командалық өзара әрекеттесуді, өзара түсіністікті, бірін-бірі тыңдау және қолдау қабілетін дамытуға, сондай-ақ буллингтің алдын алудың негізі болып табылатын қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Тренинг «Шырақ» жаттығуымен қорытындыланды. Бұл жаттығу қатысушыларға өз сезімдерімен бөлісуге, алған тәжірибесін ой елегінен өткізуге және кері байланыс білдіруге мүмкіндік берді.
Тренингке университетіміздің №3, №8 және №5 жатақханаларында тұратын шамамен 100 студент қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|